Сапар аясында Минск қаласында Мемлекет басшыларының шағын құрамдағы және ресми делегациялар қатысқан кеңейтілген келіссөздері өтті.
Тараптар саяси диалогты одан әрі дамыту мен парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ көпжақты серіктестікті ұзақ мерзімді негізде дамытуға деген берік ұстанымдарын растап, басым бағыттардағы жаңа бірлескен жобаларды талқылады.
Келіссөздер соңында Президенттер Стратегиялық серіктестік қатынастарын орнату туралы декларацияға қол қойды. Сонымен қатар олардың қатысуымен бірқатар екіжақты құжаттармен алмасу рәсімі өтті.
Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған мәлімдемелерінде Мемлекет басшылары бұл ресми сапардың Өзбекстан–Беларусь қатынастары тарихындағы маңызды кезең екенін және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың жаңа дәуірінің басталғанын атап өтті.
Ресми сапар бағдарламасы аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Ташкент қаласына қайтып оралды.