“Ұстаздар бағында” чемпион қыздың құрметіне құттықтау ұйымдастырылды

    Спорт 23 апрел 2021 461

    Әлем чемпионы Нигина Уктамова аудан әкімшілігі бағалы сыйлық, екі бөлмелі үйдің бастапқы төлеу шегін тапсырды.

    Хабарымыз бар, 23 апрель күні Польшаның Келце қаласында жастар арасында өткен әлем чемпионатында жерлесіміз Нигина Уктамова барлық қарсыластарынан үстем келді. Нигина өзбек бокс тарихында бірінші рет әлем чемпионы атағына ие болып, алтын медаль иесіне айналды.

    Өзбекстан бокс тарихында алғаш рет әлем чемпионы болған боксшы қыз Нигина Уктамова бүгін өзі туылып-өскен Иштихан ауданында салтанатты түрде күтіп алынды. Оны аудан әкімшілгі, Дене тәрбие және спорт бөлімі, Мәдениет бөлімі, Жастар істері агенттігі өкілдері, чемпионның туыстары және құттықтау үшін жиналған жастар қызығушылықпен қарсы алды.

    Шараға қатысқан аудан әкімі Ш.Негматов Нигинаны жеткен жетістігімен құттықтап, оған аудан әкімшілігі тарапынан бағалы сыйлық, екі бөлмелі үйдің бастапқы төлеу чегін тапсырды.

    — Мені осы жеңіске жетуіме әрдайым көмекші болған ұстаздарым Акром Узоқов және Азим Худойқуловқа, ата-анама, жақындарыма, сондай-ақ жастарды әрдайым қолдап-қуаттап келген аудан әкімі Ш.Негматовқа алғыс айтамын, — дейді Нигина Уктамова. — Жарысқа қатысқан 67 мемлекет туымен бірге Өзбекстанымыздың байрағы көкке көтерілген сәтті айтып жеткізе алмаймын. Үндістан, Тайланд, Ресей, Украина сияқты мемлекеттерден келген спортшылармен белдесіп, әлем чемпионы деген жоғары атаққа лайық деп тапты. Мен бұдан өте қуаныштымын. Бізде спорт қыз бала үшін емес деген түсінік бар. Менің бұл жеңісім мыңдаған жерлестерімнің жоғары мәрелерге жетуіне күш қуат беретін болады.

    Иштихон ауданы әкімшілігінің ақпарат қызметі.