Оған министрдің кеңесшісі Темур Мирзаев, Өзбекстан Беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдар ұлттық ассоциациясының төрағасы Камолиддин Ишанхужаев, Олий Мажлис жанындағы Беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдарды қолдап-қуаттау қоғамдық қорының өкілдері, сала мамандары және беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың басшылар қатысты.
Халықаралық ББҰ күні алғаш рет 2010 жылы 17 апрельде Балтық теңізінің аймақтық кеңесінде ресми түрде жарияланды және 2014 жылы 27 февральда Финляндияның Хельсинки қаласында халықаралық деңгейде кеңінен тойланған. Тарихқа үңілсек, 1950 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының резолюциясымен «Халықаралық беймемлекеттік ұйым» ұғымы енгізілді.
«Қазіргі таңда Әділет министрлігінің мәліметі бойынша Өзбекстанда 9 мыңнан астам беймемлекеттік ұйым тіркеліп, жұмыс істейді. Елімізде туризмді одан әрі дамытуда, инфрақұрылымды жақсартуда, туристік әлеуеті жоғары аймақтарды өзара байланыстыру арқылы саланы дамытуға қолайлы жағдай жасауда, мәдени мұраны қорғауда кешенді іс-шараларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруда қоғамдық ұйымдардың рөлі ерекше екенін атап өткен жөн.
Мысал ретінде айталық, Туризм және мәдени мұра министрлігі, Махалла және отбасын қолдап-қуаттау министрлігі, Өзбекстан Кәсіподақ федерациясы, жергілікті атқарушы билік органдары беймемлекеттік ұйымдармен бірлесе отырып, түрлі салада бірқатар жобалар жүзеге асырылған. «Саяхат барша үшін» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі 50 адам Хорезм, Бұхара, Самарқант және Ташкент облыстарына сяахатқа барды», — дейді Т. Мирзаев.
Шара аясында ББҰ-лар төмендегі аталымдар бойынша марапатталды:
- 2021 жылдың ең белсенді ББҰ – Өзбекстан аспаздары қауымдастығы;
- 2021 жылдың ең креативті ББҰ - Мейрамханалар мен қонақүйлер қауымдастығы;
- 2021 жылдың ең белсенді әлеуметтік медиа ББҰ – Туризмді дамыту қауымдастығы;
- ББҰ - Өзбекстанның гастрономиялық туризм қауымдастығы, - 2021 жылы ең инновациялық идеяларды насихаттаушы;
– 2021 жылдың ең әлеуметтік ББҰ – «Инклюзивті өмір» Республикалық мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігі, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.