Журналист-студенттермен кездесу өткізілді

    Үстіміздегі жылдың 3 май — Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күніне орай Сенаттың Ақпараттық саясат және мемлекеттік органдарындағы ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері комитеті Өзбекстан Ұлттық университетінің журналистика факультетімен бірлесіп «Жаңа Өзбекстан журналистикасы: сөз еркіндігі және заң шығару тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел сұхбаты өткізілді.

    Дөңгелек үстелде ақпараттық саясат пен мемлекеттік органдардағы ашықтықты қамтамасыз ету, сөз және баспасөз еркіндігі аясындағы мәселелерге, осыған байланысты заң шығару тәжірибесі мен оны жүзеге асырудың өзекті жақтарына назар аударылды.

    Сұхбатта жекеменшік медиа және блогтар өмірімізде үлкен орын алып жатқаны, қоғам өміріндегі жол берілген кемшіліктер мен проблемаларды батыл көтеруде маңызды фактор болып қызмет етіп жатқаны айтылды.

    Шара барысында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ашықтықты қамтамасыз етудегі жүзеге асырылған жұмыстардың тиімділігі жақсы жаққа өзгергендігі, журналистика саласында қызмет ететін білікті кадрларға қажеттілік сезіліп отырғаны айтылды.

    Кездесуде студенттер парламенттің қызметімен жақыннан танысты. Комитетте тұрақты жұмыс істейтін сенатор М.Парпиев комитеттер тарапынан атқарып жатқан жұмыстар, сондай-ақ Сенаттың жалпы мәжілістері, заңдарды талқылаудың қалай өтетінін, сондай-ақ сұхбаттар мен пікірталастар туралы толық айтып берді.

    Комитеттiң мақсаттары мен мiндеттерiне орай, ақпараттық саясат пен мемлекеттік органдары және ұйымдарында ашықтықты қамтамасыз етуге байланысты жүргізіліп жатқан қызметпен таныстырылды.

    Студенттер сөз еркіндігі, ақпараттық саясат, журналист және блогер қызметіне қатысты сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды. Кездесуде студенттер тарапынан бірқатар бастамалар мен ұсыныстар айтылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.