Шараны «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (KOICA) Өзбекстандағы өкілеттігімен ынтымақтастықта ұйымдастырды.
Мақсаты – Орталық Азияның әрбір мемлекетіндегі азаматтық қоғам институттары мен ББҰ-ның қазіргі жағдайын түсінуге, олар арасындағы байланыстарды нығайтуға, аймақтағы ең белсенді ББҰ-лардың қызметін талдауға, болашақтағы ынтымақтастық механизмдерін және ұсыныстарын даярлау мен олардың проблемаларын талқылауға аймақ мемлекеттерінің азаматтық қоғам институттарын жұмылдыру.
Соңғы жылдары Орталық Азияда өзара ынтымақтастық пен сенімді нығайтудың оң тенденциясы байқалып отырғаны атап өтілді. Жалпы жағдай 2016 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарды. Бұл — баршамыз үшін үлкен жетістік, барлық елдердің қосқан үлесі. Сарапшылар қауымдастығы Президент Шавкат Мирзияевтың Өзбекстанның жаңа аймақтық бағытын жариялағаны трансформациялар үшін үлгі болғанын, соның ішінде бұл аймақ мемлекеттері басшылары арасындағы қарым-қатынастың жеделдеуіне, тауар айналымының көлемін, жүзеге асырылған қосымша жобалар санын арттыруға қызмет еткенін айтуда.
Сонымен қатар, сарапшылар проблемалардың тек бастапқы бөлігі ғана шешілгенін атап өтті. Бірнеше өзекті мәселелер әлі де шешімін тапқан жоқ. Алда көптеген міндеттер тұр. Ортақ міндет – аймақ елдері арасындағы сенімді нығайтудың жүзеге асырылған тенденцияларын артқа қайтармау. Қатысушылардың пікірінше, бұл үдерістерге азаматтық қоғам институттарын тарту мақсатқа сай. Өйткені олар аймақаралық ынтымақтастықта қол жеткізген нәтижелерді нығайтуға, іс-әрекеттерді біріктіруге және маңызды әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешуге үлес қосуда.
Бүгінде Орталық Азия елдерінде он мыңдаған қоғамдық (беймемлекеттік) ұйымдар жұмыс жүргізуде, олар өз салаларындағы жүз мыңдаған белсенділерді, еріктілерді және қоғамдық пікір жетекшілерін бірлестіреді. Азаматтық қоғам деңгейіндегі өзара ынтымақтастық аймақ елдерінің беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуына негіз қалайды, жүйелі өзара көмек көрсетеді және үшінші секторда жалпы саясатты үйлестіруге жағдай жасайды.
Осы үдерістерде Корея халықаралық ынтымақтастығы агенттігі тарапынан көрсетілетін көмек Орталық Азиядағы азаматтық қоғам институттарының әлеуетін арттыруда және ірі аймақтық жобаларды жүзеге асыруда жаңа мүмкіндіктер есігін ашады.
Азаматтық қоғам институттарының диалогын ұйымдастыру өз кезегінде, Өзбекстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына іссапарынан кейін, екі мемлекеттің жоғары деңгейдегі ынтымақтастығының қисынды жалғасы болып табылады. Бүгін Өзбекстан мен Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастыққа 15 жыл, дипломатиялық байланыстар орнағанына 29 жыл толды. Мұнда – азаматтық қоғам саласындағы бастамалардың жүзеге асырылуымен өзара қарым-қатынастарды одан әрі қолдап-қуаттау мақсаты көзделген.
Сарапшылардың айтуынша, Өзбекстанның саяси көрінісі жаңаруымен бірге, халықтың да, азаматтық қоғамның да көзқарасы өзгеруде. Орталық Азиядағы азаматтық қоғам институттары айтарлықтай салмақты әлеуетке ие, бірақ олар мұны толық пайдаланбай жатыр.
Келіссөздер барысында аймақтағы елдердің азаматтық қоғам институттарының құқықтық және институционалдық сипаттары, сонымен қатар қаржылық, ББҰ тұрақты дамуының факторлары талқыланды. Қатысушылар ынтымақтастық үшін бар платформаларды қарастырды.
Ассоциациялар, қорлар, даму орталықтары және Орталық Азияның қоғамдық құрылымдарының өкілдері мен сарапшылары ББҰ-ның озық тәжірибесімен бөлісті. Негізгі назар аймақтағы азаматтық қоғам институттары арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін табуға қаратылды. Олардың жұмысында ортақ стандарттарды, тенденцияларды анықтау және ілгерілету, аймақтық проблемаларды бірлесіп шешу, ұсыныстарды бірлесіп әзірлеу, ынтымақтастықтың тұрақты да инклюзивті формасын қолдану үшін альянс түріндегі ортақ дауысты қалыптастыру маңызды екені атап өтілді.
«Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі.