Шавкат Мирзиёев Ресей делегациясын қабылдады

    Билік 2 May 2024 1719

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 2 мамырда Ташкент халықаралық инвестициялық форумына Ресей делегациясын бастап келген Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Максим Орешкинді қабылдады.

    Кездесу басында Максим Орешкин Мемлекет басшысына Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізіп, форумның табысты нәтижесімен құттықтады.

    Өзбекстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қарым-қатынастарын тереңдету шеңберінде жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Сауда көлемі тұрақты қарқынмен өсіп, өнеркәсіп, энергетика, көлік, металлургия, химия және басқа да салаларда маңызды жобалар жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді.

    Биылғы жылдың 22-24 сәуірінде Ташкентте өткен кезекті «INNOPROM. Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің нәтижелері жоғары бағаланды.

    Жоғары технологиялар, білім, спорт, кадрларды даярлау және қайта даярлау салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates