Осыған орай облыс әкімдігінде өткен шарада қоғамдық топты құрудағы көзделген негізгі мақсат пен міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, топ:
- аумақтық бағдарламаларды даярлау бойынша өткізілетін қоғамдық талқылауларға қатысады, пікірлер мен ұсыныстар әзірлейді;
-мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтық бағдарламалардың мемлекеттік мекемелер тарапынан дер кезінде және дұрыс орындалуына қоғамдық бақылауды ұйымдастырады және талдау материалдарын дайындайды;
-әр тоқсан сайын мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың орындалу барысы туралы жұртшылыққа және тұрғындарға ақпарат береді;
- әр жылдың соңында Даму стратегиясында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу туралы жылдық баламалы есептерді дайындайды және жариялайды.
Бұл топ мүшелеріне «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының аумақтық филиалының бөлімшелері мен облыс әкімдігі ұсынған кандидаттар арасынан тұрғындар арасындағы құрмет пен беделге, өмірлік тәжірибеге, мемлекет пен қоғам дамуына қосқан үлесі, тағы басқа қасиеттері ескеріліп таңдалады.
- Даму стратегиясының 7 үстем бағытында Жызақ облысына тікелей қатысты 10 пункт бойынша іс-шараларды жүзеге асыру көзделген, – дейді «Юксалиш» ЖҰҰ төрағасының орынбасары Асқар Маматханов. — 2023 жылы Ғаллаарал ауданында құны 200 миллион долларға тең күн фотоэлектр станциясының құрылысын аяқтау, Жызақ облысы және Үндістанмен инвестициялық, сыртқы сауда байланысты дамыту болып табылады. Осы іс-шараларды жүзеге асыруға қоғамдық бақылаудың қатысуы күшейтіліп жатқаны мақтауға лайықты. Ашықтық пен жариялылық қоғамдық бақылауға тиімді мүмкіндік береді.
«Юксалиш» қозғалысы Даму стратегиясын қолдап-қуаттау бойынша қоғамдық топтардың қызметін ұйымдастырып, сәйкестендіреді. Топ мүшелеріне орталықтандырылған түрде семинар-тренингтер өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ хабарда Жызақ облысындағы Даму стратегиясын қолдайтын қоғамдық топ мүшелерінің тізімі берілген.