2026 жылғы 6 шілде күні таңертең Brent хом мұнайдың бағасы 0,60%-ға төмендеп, бір баррелі 71,69 АҚШ долларын құрады.

Сонымен қатар, америкалық WTI фьючерстерінің бағасы 0,39%-ға төмендеп, бір баррелі 68,42 АҚШ долларға жетті.

Ресейдің Urals хом мұнайының бағасы шамамен 8%-ға төмендеп, бір баррелі 51,25 АҚШ долларын құрады.

Мұнай бағасына қысым жасаған негізгі факторлардың бірі — ОПЕК+ мұнай өндіруші елдер альянсының қабылдаған шешімі болды.

Бұған дейін ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет — Қазақстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман 2026 жылдың тамыз айынан бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдаған еді, деп хабарлады  Kazinform .