Журналист
«“9 сағаттың” сыры неде?» деген тақырыппен жариялаған жазбасында Президенттің
отандастармен кездесу кезінде айтқан: «Білесіздер ме, Президент болып мені не қинайды?
Маған уақыт жетпейді!» деген сөздерін келтіреді.
Азиза
Құрбанованың жазуынша, Сеул Ташкенттен төрт сағат алда. 15 қыркүйек күні
Өзбекстанда таңғы сағат 6 болған кезде, мемлекет басшысы Кореяның Ұлттық
ассамблеясында кездесу өткізіп жатқан еді.
Журналист
Президент парламент спикерімен қоштасып жатып: «Жұмысымыз өте көп, таңғы сағат 4-те оянуға
тура келіп жатыр», дегенін де атап өткен.
Оның
айтуынша, мемлекет басшысының сол күнгі жұмыс бағдарламасында бірнеше кездесу
мен қабылдаулар, Өзбекстан — Корея бизнес форумында сөз сөйлеу, құжаттарға қол
қою рәсімі, Өзбекстан облыстарындағы 5 бірлескен жаңа жобаның іске қосылуына
старт беру, Кореяның 10 ірі компаниясымен келіссөздер жүргізу және
отандастармен кездесу жоспарланған еді.
Журналист
хаттама қызметі мемлекет басшысына бірнеше рет «9 сағат болды» деп
ескерткенін жазады. Алайда Президент отандастармен әңгімесін жалғастыра берген.
Кездесу
барысында Кореяда білім алып жатқан және еңбек етіп жүрген өзбекстандықтармен
екі ел арасындағы қарым-қатынастар, олардың қызметі және ұсыныстары туралы
сұхбаттасқан.
«…Мен көлікте көп жүремін. Көшеде бір-бірімен
сөйлесіп келе жатқан жастарды көріп, ойлаймын: қане, олар дәл осы күндерінің ең
бақытты сәттері екенін білсе ғой…
Білесіздер ме, Президент болып мені не
қинайды? Маған уақыт жетпейді!» — деген Президент
кездесу кезінде.
Құрбанова Кореяда зерттеу жүргізіп жүрген
Елена Чуянова «ппалли-ппалли» — яғни жылдамдық мәдениеті туралы айтқанын
да келтіреді. Оның түсіндіруінше, бұл — дамудан артта қалмау, уақытты тек
физикалық тұрғыдан ғана емес, рухани тұрғыдан да жеңіуді дегенді білдіреді.
Журналист бұл ұстанымды Президенттің «асықпай асығу»
қағидасымен салыстырады.
Президенттің сөздерін журналист былай
келтіреді:
«Бір минутыңызды да босқа өткізбеңіздер. 5 жыл өтеді, 10-15 жыл өтеді.
Өзбекстанды кім басқарады? Сіздер. Дұрыс, сағыныш қинайды. Отанды сағынған
кезде көбірек білім алыңыздар, Отаныңызға адал қызмет етіңіздер», — деген Президент.
Құрбанованың
жазуынша, отандастармен кездесуден кейін де мемлекет басшысының жұмыс күні
жалғаса берген. 16 қыркүйек күні Орталық Азияның бес мемлекеті мен Корея
Республикасы қатысатын саммит өткізу жоспарланған.
«Басшы қашан демалады — бұл
сұрақтың жауабын әзірге бүкіл делегация да таба алмай отыр», — деп жазады
журналист.
Ол өз
жазбасын Президенттің мына сөздерімен аяқтайды:
«Өзімді де қинаймын, сіздерді де
қинаймын, жұмыс істемейінше қоймаймын. Бізге 40
миллион халық қарап отыр. Солардың көңілінен шығуымыз керек».