Мемлекет басшысы мен жұбайын Иордания Королі және Ханшайымы жылы шыраймен қарсы алды.

Салтанатты рәсім барысында екі елдің басшылары ресми делегация мүшелерімен амандасты.

Бұдан кейін мемлекеттік әнұрандар орындалып, естелік суретке түсті.

Шараға Иордания корольдік әулетінің мүшелері мен жоғары лауазымды мемлекеттік қайраткерлер де қатысты.