Өзбекстан
Республикасының Еңбек кодексінің 359-бабына және 0069-24-санды СанҚваН талаптарына сәйкес,
жылдың ыстық кезеңінде ашық аумақтарда ауа температурасының 36°С және
одан жоғары болуы аса қауіпті (экстремалды) еңбек жағдайы болып
есептеледі.
Осыған байланысты Мемлекеттік еңбек
инспекциясы төмендегі талаптарды қатаң сақтауды талап етеді:
Сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін ашық аумақтарда сенбіліктерді, жаппай еңбек шараларын
және басқа да ұжымдық жұмыстарды ұйымдастырмау.
қажетті жұмыстарды мүмкіндігінше таңертеңгі
сағат 10:00-ге дейін немесе кешкі сағат 17:00-ден кейін,
ауа салқындаған уақытта өткізу.
кейінге қалдыруға болмайтын жұмыстар кезінде:
еңбек пен демалыстың арнайы режимін енгізу;
жұмыс уақытын қысқарту;
қызметкерлерді көлеңкелі демалыс орындарымен,
ауыз сумен, жеке қорғаныс құралдарымен және алғашқы медициналық көмек көрсету
құралдарымен қамтамасыз ету.
жоғары температура жағдайында жұмыс істейтін
қызметкерлердің денсаулығын тұрақты бақылауда ұстау, жағдайы нашарлаған
жағдайда оларды дереу жұмыстан босатып, қажетті медициналық көмек көрсету.
Ескерту: Еңбекті қорғау туралы заңнама талаптарын бұзу және
қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін еңбек жағдайларын жасау
заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке әкеп соғады.