Қауіпті аймақтар қатарына Бостон, Нью-Йорк, Филадельфия, Балтимор, Вашингтон, Чикаго, Миннеаполис,
Сент-Луис, Нэшвилл, Атланта, Орландо және Кливленд қалалары кіріп отыр.
Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәліметінше,
дүйсенбі күні Чикагода күндізгі ауа температурасы 33°C болғанымен, ол 39°C
сияқты сезілген. Сәрсенбіге
дейін ең жоғары температура 38–43°C
аралығында болады деп күтілуде. Ал Огайо
штатындағы Дейтон қаласында
сезілетін температура 38°C-қа
жеткен.
Нью-Йоркте жұма күні ауа температурасы 35°C-қа дейін көтеріліп, ыстық
индексі 106°F (41,1°C) болады
деп болжануда. Ал Вашингтон мен Солтүстік Каролина штатындағы Роли қалаларында апта соңында ауа температурасы
39°C-қа дейін көтеріліп, ыстық
индексі тиісінше 108°F (42,2°C)
және 107°F (41,6°C) болады, деп
хабарлады Kazinform.