қол қойылды.

Шара барысында сондай-ақ 2026 жылға арналған бірлескен іс-шаралардың «жол картасы» бекітілді.

Бұл құжат халықаралық тәжірибе, заманауи технологиялар және кеңсеаралық ынтымақтастыққа сүйене отырып, құқық қорғау саласында жаңа буын кадрларды жүйелі даярлау үшін институционалдық негіз қалыптастырады.

Тараптар құқық қорғау және күштік құрылымдардың болашақ қызметкерлерін іріктеу және даярлаудың кешенді механизмдерін іске қосуға келісті.

Беделді шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтарда мақсатты тағылымдамаларды ұйымдастыру ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болады. Бұл ретте, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, робототехника және дрон технологиялары сияқты стратегиялық бағыттарға басымдық беріледі.

Сондай-ақ тараптар магистратура және докторантура деңгейлерінде академиялық бағдарламаларды дамыту, прокуратура және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте түлектердің мансаптық өсуін мониторингтеу және олардың болашақтағы кәсіби дамуына ерекше назар аударылады.

Бұдан бөлек, меморандумда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, адам құқықтарын қорғау, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру және сот-құқық жүйесін дамыту салаларында ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыру қарастырылған, деп хабарлайды «Эл-юрт умиди» қорының баспасөз қызметі.