Шараға институттың профессор-оқытушылары, сондай-ақ Қазақстан мен Польша елдерінен келген ғалымдар мен студент-жастар өз баяндамаларымен қатысты.
Конференция мектепке дейінгі білім беруді дамытудың заманауи тенденциялары, жасанды интеллект негізінде балалардың креативтілігін дамыту, Сингапур тәжірибесі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларда түсініктерді қалыптастыру, сондай-ақ балаларды күнделікті қауіптерден қорғау мәселелеріне арналды.
Конференция барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында шетелдік тәжірибені қолдана отырып «Ойынға бағытталған білім мен тәрбие» үдерісін жүзеге асыру, мектеп жасына дейінгі балаларда паремиялық жанрлар арқылы экологиялық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беруде инновациялық зерттеулерді жетілдіру, туындайтын кез келген мәселелерге ғылыми шешімдер табу бойынша өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Шара соңында институттың мектепке дейінгі білім беру бағыты бойынша 3-курс тәжірибе өтеуші студенттері Нөкіс қаласындағы №48 мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиеленушілерімен бірлесіп ұйымдастырған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Минажатдин Қутлымуратов,
«Янги Узбекистон» тілшісі.