Сондай-ақ, Мемлекет басшылары Өзбекстанда бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатқан және жаңа бастамаларды қолға алуды жоспарлаған Германияның жетекші компанияларының өкілдерін құттықтады.

Екіжақты құжаттармен алмасу рәсімі өтті. Оның аясында Өзбекстанда қалаларды тұрақты дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру үшін гранттық қаражат бөлу мен жеңілдетілген қаржыландыруды көздейтін қаржылық ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды.

Екі ел көшбасшыларының қатысуымен бірқатар бірлескен инвестициялық және білім беру жобаларына ресми түрде бастау берілді. Атап айтқанда, «Volkswagen» автокөліктерін Ташкент қаласында ірі тораптық әдіспен құрастыру өндірісін ұйымдастыру, Әндіжан облысында логистикалық орталық салу, сұйық тұрмыстық жуғыш заттар өндіру, теміржол саласына мамандар даярлау және заманауи емтихан орталықтарын ашу жобалары қолға алынды.

Бұл бастамаларды жүзеге асыру өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге, инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Өзбекстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ықпал етеді.