Елімізде
жүзеге асырылып жатқан реформалар барысында ерекше белсенділік танытып, өзінің
білімі мен қабілеті, талапкерлігі, бастамашылдығы және жемісті еңбегі арқылы
Отанымыздың дамуын жаңа деңгейге көтеруге, Жаңа Өзбекстанның халықаралық
деңгейдегі беделі мен абыройын одан әрі арттыруға зор үлес қосып келе жатқан,
жоғары рухани қасиеттерге ие, тәуелсіз ойлайтын, өмірлік ұстанымы берік,
дүниетанымы кең және жоғары әлеуетті, халық мүддесі мен ел болашағы үшін
жауапкершілікті өз мойнына алуға қабілетті адал әрі батыл жас азаматтарымызды
лайықты ынталандыру мақсатында:
1. Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік наградалар және геральдика жөніндегі комиссияның Қарақалпақстан
Республикасы, облыстар және Ташкент қаласының дарынды жас жігіттерін ғылым,
білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, өнер, спорт, өндіріс, әскери қызмет
салаларында және құқық қорғау органдарындағы қызметінде қол жеткізген ерекше
жетістіктері үшін «Мард ўғлон» мемлекеттік сыйлығымен марапаттау туралы
ұсыныстары қоса беріліп отырған тізімге сәйкес мақұлдансын.
2. «Мард ўғлон»
мемлекеттік сыйлығымен марапатталғандарға сыйлық
дипломдары мен төсбелгілері салтанатты түрде тапсырылсын.
3. Өзбекстан
Республикасы Экономика және қаржы министрлігі «Мард ўғлон» мемлекеттік сыйлығы иегерлерінің
әрқайсысына базалық есептік мөлшердің 50 есесі көлемінде ақшалай сыйақы
төленуін қамтамасыз етсін.
4. Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігіне, Өзбекстан
Ұлттық телерадиокомпаниясына және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына «Мард
ўғлон» мемлекеттік сыйлығы иегерлерінің өнегелі қызметін, олардың бірегей
дарыны мен қол жеткізген жетістіктерін кеңінен насихаттап отыру ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Өзбекстан
Республикасының Премьер-министрі А.Н. Ариповқа және Өзбекстан Республикасы
Президентінің кеңесшісі Ғ.Ғ. Мирзаевқа жүктелсін.
Өзбекстан
Республикасының Президенті
Ш.
Мирзияев
***
«Мард ўғлон» мемлекеттік сыйлығымен марапатталғандардың ТІЗІМІ
Аллашов Рахим Толибай ұлы — Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
әскери бөліміндегі топ маманы (Қарақалпақстан Республикасы)
Алимбаев Нодирбек Тұрғын ұлы — Төрткүл ауданындағы «Ұллыбағ» ауылдық азаматтар
жиынының жастар жетекшісі (Қарақалпақстан Республикасы)
Тешабоев Ойбек Абдуманноб ұлы — Әндіжан мемлекеттік техникалық институтының
докторанты (Әндіжан облысы)
Хурсанов Дониярбек Дамиржон ұлы — Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
әскери бөліміндегі топ командирі (Әндіжан облысы)
Рахимов Далер Рахмонович — 58-халықаралық химия олимпиадасының ғылыми
комитетінің мүшесі (Бұхара облысы)
Мустақимов Шерали Шухрат ұлы — Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігі Төтенше жағдайлар орталығының аға инспекторы (Бұхара облысы)
Зокиров Жахангир Лазизбек ұлы — Бокс бойынша Өзбекстан ұлттық құрама командасының
мүшесі (Жызақ облысы)
Абдухалиқов Жавохир Алибой ұлы — Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясының әскери
бөліміндегі жасақ маманы (Жызақ облысы)
Худойқулов Жовохир Турсунпулат ұлы — Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік
қызметі Шекара әскерлерінің әскери қызметшісі (Қашқадария облысы)
Юлдошев Дилшодбек Улықбек ұлы — Ташкент қалалық Ішкі істер бас басқармасының топ
аға маманы (Қашқадария облысы)
Истамов Хает Юулчиевич — Науаи мемлекеттік тау-кен және технологиялар
университетінің аға оқытушысы (Науаи облысы)
Салимжонов Хазрат Акрамжон
ұлы — «Науаи тау-кен металлургия комбинаты» акционерлік
қоғамының Науаи машинажасау зауытының инженер-технологы (Науаи облысы)
Астаналиев Элмурод Турсунали ұлы — Ташкент мемлекеттік транспорт университетінің
тәуелсіз ізденушісі (Наманган облысы)
Каримов Умиджон Жавлон ұлы — Ташкент қалалық кеден басқармасының бөлімнің аға
жедел өкілі (Наманган облысы)
Элбеков Шохзодбек Элбек ұлы — Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясының әскери
бөліміндегі жасақ командирі (Самарқант облысы)
Худойбердиев Дилшоджон Райимберди ұлы — Самарқант облыстық су спорт түрлеріне мамандандырылған спорт
мектебінің академиялық ескек есу бөлімінің спортшысы (Самарқант облысы).
Холматов Отабек Шухрат ұлы — Сырдария облыстық Ішкі істер басқармасының жасақ
аға маманы (Сырдария облысы)
Мусурмонқулов Бектош
Қодирберди ұлы — Өзбекстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің әскери бөліміндегі топ маманы (Сырдария облысы)
Қосимхожиев Нажимидин
Абдужаббор ұлы — Өзбекстан мемлекеттік дене
шынықтыру және спорт университетінің 4-курс студенті (Сұрхандария облысы)
Норалиев Сарвар Нурислом ұлы — Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
әскери бөліміндегі батарея командирі (Сұрхандария облысы)
Халмаханов Айтжан Данияр ұлы — Шыршық олимпиадалық және паралимпиадалық спорт
түрлеріне даярлау орталығының 2-курс студенті (Ташкент облысы)
Ларин Евгений Алексеевич — Ташкент
мемлекеттік медицина университетінің 6-курс студенті (Ташкент облысы)
Махаммаджонов
Қудратбек Улықбек ұлы — Ферғана
мемлекеттік техникалық университетінің 2-курс магистранты (Ферғана облысы)
Мухаммадхонов
Шухратжон Музафаржон ұлы — Өзбекстан
Республикасы Ұлттық гвардиясының әскери музыка академиялық лицейінің командирі
(Ферғана облысы)
Артур Ражапов Ихтиёр ұлы — Өзбекстан Көркем шығармашылық одағының мүшесі,
мүсінші (Хорезм облысы).
Аминбоев Қодирберган Олимбой ұлы — Үргеніш мемлекеттік педагогикалық институтының
3-курс студенті (Хорезм облысы)
Бегмуратов Хумоин Хусниддинович — Шахматтан Өзбекстан ерлер құрамасының мүшесі
(Ташкент қаласы)
Ғуломов Пахлавон Фаррух ұлы — Ташкент қаласындағы Президент мектебінің 11-сынып
оқушысы (Ташкент қаласы)