Вагит Алекперов Мемлекет басшысына компанияның Өзбекстанның энергетика саласында жүзеге асырып жатқан жобаларының қазіргі жағдайы туралы толық ақпарат берді. Олардың қатарында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және перспективалы көмірсутек кен орындарын игеру, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу желісін дамыту жобалары бар.

Сондай-ақ компанияның елдегі қызметін кеңейту жөніндегі жоспарлар да қарастырылды.