Ережеге
орай, табиғи қайтыс болу, өз-өзіне қол жұмсау, өз денсаулығына қасақана зиян
келтіру, сондай-ақ қылмыс жасау кезінде жарақат алу жағдайлары тергелмейді және
есепке алынбайды.
Жазатайым
оқиғалар орын алған жағдайда, жұмыс беруші мынадай міндеттерді орындауға тиіс:
Жәбірленушіге
дәрігерден бұрын көмек көрсету, қажет
болғант жайғдайда адамды емханаға жеткізу;
жазатайым
оқиға орын алған жағдайда тиісті органдар мен ұйымдарды, сондай-ақ зардап
шегушінің жақын туыстарын және т.б. хабардар ету.
Зардап
шегуші немесе куәгер жазатайым оқиға туралы бөлімше (цех) басшысына дереу
хабарлауы тиіс.
Бөлімше
(цех) басшысы:
зардап
шеккен адамға дереу дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуді және оны медициналық-санитариялық
бөлімге немесе басқа медициналық мекемеге жеткізуді ұйымдастыру;
оқыс
оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі арнайы комиссия өз жұмысын бастағанға дейін
жұмыс орнындағы жағдайды және жабдықтың күйін оқиға болған кездегі қалпында
сақтау;
Жазатайым
оқиға туралы жұмыс берушіге және кәсіподаққа немесе ұйым қызметкерлерінің өзге
де өкілдік органына дереу хабарлау қажет.
Төмендегі
жазатайым оқиғалар арнайы тергеп-тексеруге жатады:
денсаулыққа
келтірілген зиянның ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде 2 немесе одан
да көп қызметкер зардап шеккен топтық жазатайым оқиғалар;
салдары
орташа немесе ауыр болған жазатайым оқиғалар;
өлімге
әкеп соққан жазатайым оқиғалар.