Kathmandu Post-тың хабарлауынша, оқиға тікұшақтардың қонуы барысында болған.
Екі тікұшақтың да ұшқыштары жеңіл жарақат алып, әрі қарай емделу үшін Катмандуға жеткізілді.
Полицияның мәліметінше, қаза тапқан адам Үндістан азаматы, турист болған. Оның мәйіті Лукла қаласындағы ауруханаға жеткізілген.
Соқтығыс кезінде екі тікұшақтың бортында жалпы қанша жолаушы болғаны әзірге нақты расталмаған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Report.az.