Кездесу басында мәртебелі қонақтар Мемлекет басшысына АҚШ Президенті Дональд Трамптың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Келіссөздер барысында аталған қаржы институттарының Өзбекстанда инфрақұрылымды дамыту, маңызды минералдық ресурстарды игеру, энергетика саласын жаңғырту, жасанды интеллект технологияларын енгізу және цифрландыру бағытындағы жоғары технологиялық стратегиялық жобаларды қаржыландыруға қатысу мәселелері жан-жақты талқыланды.

АҚШ Экспорт-импорт банкімен энергетика саласын жаңғыртуға бағытталған бірлескен жобаларды жеделдету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлердің басым бағыттардағы бастамаларын қолдау үшін экспорттық несиелер беру тетіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылды.

«DFC» корпорациясының денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қолдау, энергетика жүйесі мен инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған бірлескен инвестициялық платформаны іске қосу жөніндегі бастамалары құпталды.

Кездесуде Ташкент қаласында жаңа халықаралық әуежай салу, Ферғана облысында заманауи медициналық кешен құру, цифрлық банк іске қосу, деректер орталықтары мен құрлық порттар салу секілді ірі инфрақұрылымдық жобаларды практикалық кезеңге көшірудің маңыздылығы атап өтілді.

Келіссөз соңында тараптар талқыланған инвестициялық және технологиялық жобаларды ілгерілету жөніндегі бірлескен «жол картасын» қабылдауға келісті.