Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы аясындағы іс-шараларға бақылаушы мемлекет жетекшісі мәртебесінде қатысады.

Саммиттің күн тәртібіне ұйым аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері енгізілген. Сондай-ақ практикалық серіктестіктің басым бағыттары қарастырылады.