Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің Бас әскери клиникалық госпиталінде ардагерлер – Акмал Акрамов, Вера Журавская, Хасанбой Халматов және Владимир Алексейковпен көңілді сұхбат құрды. Олардың жағдайы мен денсаулығына көңіл бөліп, қиын да тағылымды өмір жолы мен көрсеткен ерліктерін ерекше атап өтті.

Сіздер – тарихтың тірі куәсі, қайсарлықтың символысыздар. Сіздердей қастерлі жандармен жүздесу, ақыл-кеңестеріңізді тыңдау бізге зор рухани күш береді. Халқымыз сіздермен шексіз мақтанады. Бүгінгі бейбіт әрі еркін өмір, ұрпақтардың жарқын болашағы – сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіздің жемісі. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз – жастарымыз үшін нағыз ерлік мектебі, – деді Президент.

Мемлекет басшысының биылғы 16 сәуірдегі шешіміне сәйкес, соғыс және еңбек ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілуде.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар, тыл ардагерлері, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасы мүшелері мемлекет қамқорлығында. Оларға материалдық және рухани қолдау көрсетіліп, денсаулықтарын қалпына келтіру үшін еліміздің үздік шипажайларына жеңілдікпен жолдамалар берілген.

Жаратқан сіздерге отансүйгіштік пен адал еңбектеріңіздің сыйы ретінде ұзақ ғұмыр, ел құрметіне бөленіп өмір сүру бақыты нәсіп еткен. Сіздердің ақ баталарыңыз елімізге амандық, істерімізге береке әкеледі, – деді Президент.

Кездесу барысында ардагерлер елімізде тарихи жадты жаңғырту, қарттарды құрметтеу бағытында жүзеге асып жатқан реформалар үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.