Кездесу басында Бо Ли Мемлекет басшысына Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваның сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Кездесу барысында жаһандық қаржы нарықтарының қазіргі ахуалы мен даму перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ, өткен жылдың қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында Халықаралық валюта қорының басшысымен өткен кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтар аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың негізгі бағыттары қарастырылды.
Елімізде ақша-несие, валюта және фискалдық саясатты жетілдіру бағытында жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларда Халықаралық валюта қорының маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Макроэкономикалық саясат стратегиясын әзірлеу, цифрлық төлем жүйесін дамыту, капитал қозғалысын ырықтандыру, ұлттық статистика әдіснамасы мен мемлекеттік кірістерді басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ еркін валюта айырбастау бағамын қолдау мәселелерінде сараптамалық және техникалық көмекті кеңейту қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, еліміздің экономикалық ведомстволары үшін кадрлар даярлау бағдарламаларын одан әрі дамыту мәселесі де кездесудің маңызды тақырыптарының бірі болды.