Сұхбат басында мәртебелі мейман Мемлекет басшысына Иордания Королі Абдулла II бен әл-Хусейннің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.
Кездесу барысында Өзбекстан мен Иордания арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар өткен жылы Самарқандта жоғары деңгейде өткен нәтижелі келіссөздердің екіжақты қарым-қатынастар тарихында жаңа кезеңнің басталуына жол ашқанын атап өтті.
Қол жеткізілген келісімдер аясында биыл парламентаралық достық топтары құрылып, Үкіметаралық бірлескен комиссияның алғашқы отырысы өтті, Іскерлік кеңес құрылды, сондай-ақ екі ел арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды.
Алдағы кезеңде саяси диалогты жандандыруға, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалар мен бағдарламаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.