Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру аясында Өзбекстан–Сербия арасындағы көпқырлы қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерінің өзекті бағыттары талқыланды.
Кездесуде тауар айналымының көлемін арттыруға, машина жасау, қайта өңдеу, химия және электротехника өнеркәсібі, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларында кооперациялық бағдарламаларды әзірлеуге назар аударылды.
Гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, атап айтқанда, ректорлардың алғашқы форумын, сондай-ақм өзара Кино және мәдениет күндерін өткізу маңызды екені атап өтілді.
Көшбасшылар халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша да пікір алмасып, алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар жоспарын талқылады.