Байқаудың негізгі мақсаты — жас журналистер мен блогерлердің шығармашылық әлеуетін қолдау, заманауи медиа құралдары арқылы Отанды, тәуелсіздікті және еліміздің тыныс-тіршілігін әсерлі түрде жарытуын ынталандыру, сондай-ақ сапалы бейнеконтент жасау мәдениетін дамыту.

Байқау үш бағыт бойынша өткізілді: кәсіби шығармашылық иелері арасында — «Ең үздік бейнеролик», «Жасанды интеллект көмегімен жасалған ең үздік бейнеролик» және «Мобильография негізінде жасалған ең үздік бейнеролик». Байқауға 18 бен 30 жас аралығындағы жас журналистер мен блогерлер өз шығармашылық жұмыстарымен қатысты.

«Шарафли йўл» байқауы туралы алғашқы хабарландыру жарияланған сәттен бастап шығармашылық істер  2026 жылғы 28 тамызға дейін қабылданды. Осы кезеңде қатысушылар түрлі тақырыптарды қамтитын, заманалық жанасулар мен креативті идеяларға негізделген бейнероликтер ұсынды. Байқау үдерісі, хабарландырулар мен маңызды басқыштар Өзбекстан Журналистер бірлестігінің ресми Telegram-арнасы арқылы тұрақты түрде жарияланып отырды.

Келіп түскен шығармашылық жұмыстарды қазылар алқасы белгіленген өлшемдер негізінде көріп шықты. Бағалау барысында қатысушылардың идеясы мен мазмұнын ашу шеберлігіне, бейнелеу шешіміне, монтаж сапасына, шығармашылық ұстанымына, сондай-ақ заманауи медиа талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударылды. Әрбір шығармашылық жұмысты әділ әрі бейтарап бағалау нәтижесінде ең лайықты туындылар іріктеліп алынды.

Байқау жеңімпаздары белгіленген критерийлер негізінде анықталып, ең үздік шығармашылық жұмыстар лайықты түрде марапатталды. Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтіп, оларға белгіленген сыйлықтар мен естелік жүлделер табысталды.

Содан соң  Өзбекстан Журналистер бірлестігінің мүшелігіне ұсынылған бір топ журналистке Бірлестіктің мүшелік куәліктері салтанатты түрде тапсырылды.

Сонымен қатар іс-шара аясында «Журналист» көркем фильмі көрсетілді.

«Шарафли йўл» бейнероликтер байқауы Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай жас журналистер мен блогерлердің шығармашылық жұмыстарын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Өзбекстан Журналистер бірлестігінің
Ақпарат қызметі