Қаулы жобасына сәйкес, екі облыс арасындағы жалпы ұзындығы 209,15 шақырым болатын әкімшілік-аумақтық шекара сызығын бекіту көзделген.

Шекараны белгілеу барысында заманауи картографиялық материалдар, аэрофотосуреттер, сондай-ақ мемлекеттік координаттары жүйесіне сәйкестендірілген топографиялық карталар пайдаланылған.

Атап өтілгендей, шекара сызықтарын белгілеу кезінде жер пайдаланушыларға тиесілі жайылымдық және тәлімі жер учаскелерінің тұтастығын сақтау, сондай-ақ оларды табиғи рельеф элементтеріне сәйкес ажырату қағидаттары басшылыққа алынған.

Аталған қаулының қабылдануы жер және кадастр қатынастарында туындауы мүмкін түсініспеушіліктердің алдын алуға, жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік нысандарын есепке алу кезінде нақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сонымен қатар құжат мемлекеттік органдар арасындағы аумақтық өкілеттіктерді нақты айқындауға және аумақтық басқару тиімділігін арттыруға құқықтық негіз қалыптастырылады.