Саида
Мирзияева Пусан қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің
48-сессиясында еліміз үшін аса маңызды оқиға орын алғанын айтты.
Ташкенттің
модернизм сәулеткерлік нысандары аталған ұйымның беделді Халықаралық тізіміне
ресми түрде енгізілді. Айта кетерлігі, бұл – соңғы 25 жыл ішінде Өзбекстан
ұсынған ұлттық номинацияның алғаш рет осындай жоғары мәртебеге ие болуы.
Бұл тек
бірнеше ғимараттың ғана емес, 1966 жылғы жер сілкінісінен кейінгі Ташкентті
қайта құрылуы кезеңінің тұтас бір дәуірінің халықаралық деңгейде мойындалуы
болып саналады. Сол жылдары елорда заманауи сәулеткерлік өнерін, Орталық Азияның
дәстүрлерін және аумақтың өзіндік климаттық ерекшеліктерін үйлестірген жаңа әрі
қайталанбас келбетке ие болды.
«Өзбекстанның
халықаралық аренадағы кезекті жетістігі – бай сәулеткерлік мұрамызды сақтау
және оны келер ұрпаққа аман жеткізу жолындағы тағы бір маңызды қадам. Бұл игі
бастама жемісті әрі баянды болсын!» – деді Саида Мирзияева.