Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо
Venezolana de Televisión
телеарнасының эфирінде мәлімдеді.
«Өкінішке қарай, магнитудасы 7 балдан жоғары болған
жер асты дүмпулері Арагуа, Карабобо, Миранда, Трухильо, Яракуй және Ла-Гуайра
штаттарында, сондай-ақ Каракас қаласында да сезілді. Астанада жер сілкінісі
ерекше қатты байқалды», – деді министр.
Каракастың сейсмикалық қаупі жоғары болған Альтамира
және Палос-Грандес аудандарында бірнеше ғимараттар, соның ішінде тұрғын үйлер
қирап қалған. Бұл адам өліміне әкелді.
Кабельоның айтуынша, астананың басқа аудандарында да
қираулар тіркеліп, олардың салдарынан азаматтар қаза тапқан.
Министрдің мәліметінше, құтқару қызметтері, өрт
қауіпсіздігі бөлімшелері, полиция қызметкерлері және азаматтық қорғаныс еріктілері
қираған ғимараттарды тазалау жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккендерге көмек
көрсетуде.
Ол тұрғындарды қираған ғимараттарды тастап шығуға,
зардап шеккендерге көмектесуге және арнайы қызмет көліктерінің қозғалысына
кедергі келтірмеуге шақырды.
Венесуэла үкіметі ел аумағында төтенше жағдай режимін
енгізді, деп хабарлайды report.az.