Бұл туралы Xinhua
агенттігі облыс билігіне сілтеме жасап хабарлады.
Экстремалды ауа
райының салдарынан өңірде 22 ғимарат толықтай қирап, тағы 4 855 ғимарат
зақымданды. Сонымен қатар, 331 адам түрлі дәрежеде жарақат алды.
Облыста ауқымды
құтқару және гуманитарлық операциялар басталып, қайталама табиғи апаттардың
алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады report.az.
Дүйсенбі күні Хуанши,
Хуанган, Эчжоу және Сяньнин қалаларында найзағай мен қатты жел болды Екі қалада
желдің күші 13-дәрежеге дейін жеткен. Жергілікті билік кейбір
аудандарда торнадо болғанын да хабарлады.