Үкімет пен билеуші партия өкілдерінің айтуынша, роботтар әскери қимылдарға
қатыспайды. Олар әскери базаларды күзету және логистикалық қолдау көрсету үшін
пайдаланылмақ.
Болашақта роботтар барлау және құтқару операцияларына да жіберілуі мүмкін.
Жақын арада гуманоид роботтарды пайдалану бойынша зерттеулер басталады, жарыстар
ұйымдастырылады және жекеменшік компаниялар мен университеттер әзірлеген
роботтар өз мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жапония үкіметі жыл соңында қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы негізгі
құжаттарды қайта қарайды. Сонымен қатар жасанды интеллектіні кеңінен пайдалану
елдің қорғаныс қабілетін нығайтудың маңызды факторы ретінде қарастырылып отыр.
2027 жылғы сәуірде басталатын қаржы жылына арналған бюджет жобасына сәйкес,
Жапонияның Қорғаныс министрлігі өзін-өзі қорғау күштерінің басқару жүйесіне
жасанды интеллектті енгізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ үлкен көлемдегі ғарыштық
деректерді талдайтын және зымырандарды басқаруға көмектесетін «жасанды
интеллектпен жабдықталған тактикалық жасанды серіктікті» сынақтан өткізу
жоспарлануда, деп хабарлады Kazinform.