Бұл туралы метеорология агенттігі мен жергілікті өрт сөндіру қызметтеріне
сілтеме жасаған Kyodo агенттігі
хабарлады.
Жер сілкінісі Иватэ префектурасының
Тынық мұхиты жағалауында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:30-да, 44
шақырым тереңдікте тіркелген. Жапонияның сейсмикалық қарқындылық шкаласы
бойынша жер сілкінісінің күші 6 баллға жеткен. Атап айтқанда, Аомори
префектурасындағы Хасиками ауданында 7 балл және Хатинохэ
қаласында 6 балл деңгейіндегі жер сілкінісі сезілген, деп хабарлады report.az.