Бұл туралы Ұлттық статистика комитетінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлім болды.
Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, аталған жас санатындағы халықтың білім деңгейі төмендегідей бөлінген:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барлар – 3 миллион 271,1 мың адам (12 пайыз);
орта арнаулы және кәсіптік білімі барлар – 9 миллион 737,2 мың адам (35,8 пайыз);
жалпы орта білімі барлар – 11 миллион 626,5 мың адам (42,8 пайыз).
Әрбір 1 000 тұрғынға шаққанда 15 жастан асқан және одан үлкен тұрғындар арасында орта есеппен 120 адамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, 358 адамның орта арнаулы және кәсіптік білімі, ал 428 адамның жалпы орта білімі бар.