Шараға облыстық Ақпараттық технологиялар басқармасы, IT Park-тің дирекциясы, «Revochain Technology» жауапкершілігі шектеулі қоғамының директоры және облыстық мекеме басшылары қатысты.

Бұл орталықты құрудағы басты мақсат – жастарды жұмыспен қамту, өз аумағында шетелдік компаниялармен жұмыс істеуге мүмкіндік жасау және өңірдегі ІТ-қызметтердің экспорттық көлемін арттыру.

Орталықта 20 талантты жас үшін 3 айлық оқу курстары ашылды.