Өзбекстан тағы бір халықаралық келісімшартқа қосылды

    «Халықаралық келісімшартқа қосылу туралы» Президенттің қаулысы (ПҚ-240-санды, 30.07.2025 ж.) қабылданды.

    Қаулыға сәйкес, Өзбекстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімге қосылды.

    Бұл Келісімге 2013 жылғы 25 октябрь күні Минск қаласында қол қойылған.

    Сыртқы істер министрлігі келісімшарты жүзеге асыруға жауапты болған өкілетті орган туралы тиісті хабарламаны депозитариге жібереді.

    Министрлер Кабинетi, тиiстi министрлiктер мен кеңселердің басшылары осы халықаралық келiсiм күшiне енгеннен кейiн оның қағидаларының орындалуын қамтамасыз етеді.