1 августан бастап не өзгереді!?

    Ел назарында 27 Iyul 2022 4887

    2022 жылғы 1 августан бастап Өзбекстан заңдылығында бірқатар өзгерістер енгізіледі. Төменде олардың электрондық қызметтерге байланысты бөлімдері ескертіледі.

    Mobile-ID жүйесі енгізіледі

    Президент жарлығына сәйкес, мемлекеттік қызметтерден пайдалану үшін тұлғаны идентификациялаудың бар жүйелері мен құралдарына қосымша түрде тұлғаны жеке идентификациялаудың Mobile-ID жүйесі енгізіледі.

    Оған сәйкес:

    Mobile-ID жүйесі «Электрондық үкімет» жүйесін пайдаланушыларды идентификациялау бойынша бірыңғай ақпараттық жүйенің құрамдас бөлігі саналады және тұлғаны ұялы телефон нөмірі арқылы идентификациялауды көздейді;

    тұлғаны Mobile-ID жүйесі көмегінде идентификациялау азаматтың қалауы бойынша мемлекеттік қызметтер орталығы немесе нотариалды мекеме тарапынан немесе БИМҚП-ның мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

    Жүргізуші куәлігін ресімдеу үшін барлық құжаттар тек БИМҚП арқылы қабылданады

    Үкімет қаулысына сәйкес, 2022 жылғы 1 августан бастап оқу топтарын тіркеуге алу, сондай-ақ жүргізушілікке үміткерлерді емтихандарға қабылдау үшін барлық тиісті құжаттарды және ұлттық жүргізушілік куәлігін ресімдеу үшін барлық тиісті құжаттар тек БИМҚП арқылы ғана тапсырылады. Бұл ретте кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң оқу курстарын бітірген жүргізушілікке үміткерлерден емтихан қабылдау үшін құжаттарды ресімдеу бұған кірмейді.

    Тұрмыстық техникалық өнімдерді міндетті цифрлық таңбалау басталады.

    Үкімет қаулысына сәйкес, 2022 жылдың 1 авгусынан бастап тұрмыстық газ плитасы, ас үй сорғыштары, пештер мен микротолқынды пештер, үтіктер, су жылытқыштар сияқты өнімдерді міндетті түрде цифрлық таңбалау басталады.

    Кинотеатрлар арнаулы ақпараттық жүйеге қосылуы талап етіледі

    2022 жылғы 1 августан бастап фильмдерге қатысты авторлық құқықты қорғау және сатылған әрбір билетке қатысты сенімді мәліметпен қамтамасыз ететін республикада қызмет көрсетіп жатқан кинотеатрлардың қызметін автоматтандыруға бағытталған ақпараттық жүйеге қосылмай кинотеатрларда (кинозал) фильмдерді көрсету бөлшек сауда ережелерін бұзу ретінде бағаланады.

    Мүгедек тұлғаларды тіркеуге алудың электронды жүйесі енгізіледі

    Ташкент қаласында мүгедектігі бар тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларына тіркеуге алудың және тексеруден өткізудің жаңа «Медициналық-әлеуметтік сараптама» электронды ақпараттық жүйесі енгізіледі.

    Бұл ретте, азаматтарға мүгедектікті белгілеу үшiн негiз саналатын мәлiметтердiң (медициналық жолдама, ауру тарихы және амбулаторлық картадан көшірмелер және т.б.) ақпараттық жүйеге электронды түрде енгiзiлуi қамтамасыз етiледi. 2023 жылдың 1 январьдан бастап ақпараттық жүйе республиканың барлық қалған аймақтарында толықтай енгізіледі.

    «Электрондық анықтама және алдын ала тергеу» бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылады

    Президент қаулысы негізінде анықтау және алғашқы тергеу органдарының қызметін цифрландыру, сондай-ақ істі сотқа дейін жүргізу мәселесі бойынша «Электрондық анықтама және алдын ала тергеу» бірыңғай ақпараттық жүйесі толық нұсқада іске қосылады.

    Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Ашықтық индексі енгізіледі

    Мемлекеттиік билік және басқару органдары, сондай-ақ, устав қорында (устав капиталында) мемлекеттің үлесі 50 пайыз және одан да артық болған шаруашылық жүргізуші қоғамдарда ашықтық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалауға арналған Ашықтық индексі енгізіледі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates