«Өзбекстан темір жолдары» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, салада темір жол инфрақұрылымы қаражаттарын, электр энергиясы, жанылғы және көлік шығындарын қаптау, сонымен қатар жаңа жүрдек электр пойыздарын сатып алу және жолаушылар вагондары паркін жаңарту, теміржол вагондарының паркін жаңалау, вокзалдары қызметін жаңа заманауи талаптарға сай жүргізу және жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуді мақсат еткен.
Осы себепті жоғары жылдамдықтағы қозғалатын «Афросиоб» электр пойыздарының ВИП және бизнес-класс билеттерінің бағасы 25%-ға, эконом-класс билеттерінің бағасы 20%-ға, жүрдек «Шарқ», «Насаф» және «Өзбекстан» пойыздарының бағасы 30 пайызға көтеріледі.
— «Афросиоб» электр пойызының билеттерінің бағасы төмендегідей:
— Ташкент-Бұхара
— ВИП 994 000 сум;
— бизнес 751 000 сум;
— эконом класс 484 000 сум;
Ташкент-Қаршы
— ВИП 854 000 сум;
— бизнес 634 000 сум;
— эконом класс 406 000 сум.
Ташкент-Самарқант
— ВИП 619 000 сум;
— бизнес 450 000 сум;
— эконом класс 294 000 сум.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 октябрьдегі «Өзбекстан Республикасының темір жол көлігі саласын түбегейлі реформалау іс-шаралары туралы» ПҚ-399-санды қаулысына сәйкес 2024 жылдың 1 январынан бастап жоғары жылдамдықтағы жүрдек пойыз бағытында жолаушыларды тасымалдау қызметтері тарифтерін мемлекет тарапынан реттеу практикасынан бас тарту, сондай-ақ оларды базар қағидаттары негізіндегі механизмге өткізілді.