2025 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттен және мемлекеттік мақсатты қорлардан аумақтарға бөлінетін қаражат туралы ақпарат тиісті халық депутаттары Кеңестеріне ұсынылатын болады.
Мұнда халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiнiң аумақтарға Мемлекеттiк бюджеттен және мемлекеттiк мақсатты қорлардан бөлiнетiн қаржылар бойынша сұрауы және бақылауы жолға қойылады.
Тоқсан сайын Есеп палатасы жүргізген бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша ұсынылған ақпараттар Үкіметтің мәжілістерінде талқыланатын болады.
2025 жылдың 1 январынан бастап қаржылық және басқа да қауіптердің алдын алу мақсатында Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі, облыстар мен Ташкент қалалық әкімдіктер, министрлік пен кеңселер, жарғылық қорында (жарғылық капиталында) мемлекеттік үлесі 50 пайыз және одан астам болған ірі ұйымдарда, олардың бірінші басшыларының басшылығымен коллегиал негізінде «Қауіптерді басқару» комитеттері құрылады.