100-ге жуық әйел жұмыспен қамтамасыз етілді

    Ферғана облысы кәсіподық ұйымы бірлестіктерінің бастамасымен Ферғана қаласында “Жуйда” махалла азаматтар жиынында “Ферғана кәсіподақ өндіріс орталығы орталығы” ЖШҚ ұйымдастырылды.

    Бұл жерде қала әкімшілігі және қала прокуратурасымен бірге бос тұрған ғимаратқа 400 миллион сумға жуық қаржы жұмсалды және 100 жуық жұмыссыз әйел оқытылып, жұмыспен қамтылды. Олар балалар сауықтыру лагерьлеріне 7000 алғашқы өнім түрлерін дайындап берді.

    Заманалық өндіріс тармағы ашылу рәсімінде облыс әкімі Хайрулло Базаров қатысты.

    — Әрбір жанұяға табыс керек. Ол үшін еңбек ету, жағдай жарату керек. Әпке-сіңлілердің үйде қолы бос отыруы ешбір өлшемге тура келмейді. Президентіміздің “Әйелдер дәптерін” жүргізу, әйелдерді жұмыспен қамту үшін секторларға берген тапсырмалар негізінде міне осындай өндіріс орталықтары жұмыс бастауда. Бұл бастама жалғасады, осындай шүағын орталықтарды ашуды ұйымдастыруымыз керек, —деді облыс басшысы.

    Мәлімет ретінде айтқанда Ферғана қаласында 4000 әйел осындай орталықтар арқылы жұмыспен қамтылады.

    Сол күні “Әйелдер дәптері” бір топ қыз-келіншекке тігін машиналары мен печтер тапсырылды.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates