145 жерлесіміз Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кетті

    Корея Республикасы компаниясының өкілдері тарапынан өткізілген байқау негізінде 115 жерлесіміз уақытша жұмыс істеуге Кореяға жөнеп кетті.

    Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі мен Корея Республикасы Канвондо провинциясы, Хонгчон округі әкімшілігі арасында маусымдық істер туралы жасалған келісімде негізінен елімізде 5 ай маусымдық істерде (Е-8 визасы) уақытынша еңбек қызметін жүзеге асырмақ болған азаматтар үшін Корея Республикасы компаниясының өкілдері тарапынан байқау өткізілген еді.

    Аталмыш байқаудан нәтижелі өткен азаматтардың кезектегі тобы, яғни 115-ке жуығы 23 июньде осы мемлекетке кетті.

    Сондай-ақ, Агенттік тарапынан Корея Республикасының Адам ресурстарын дамыту қызметімен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде осы мемлекетте жұмыс істеу кезінде еңбек демалысын алып, Өзбекстанға келген 30-ға жуық азамат Ташкент халықаралық аэропортынан чартер рейс арқылы Корея Республикасына кетеді.

    Азаматтарға шетелде істеп жүрген кезде қиын жағдайға түсіп қалған уақытта құқықтық көмек көрсетуге бағытталған таратпа материалдар берілді.

    Ескертеміз, үстіміздегі жылда маусымдық істерде (Е-8 визасы) уақытша еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Оңтүстік Кореяға кеткен азаматтар саны 420-ға жетті, деп хабарлады Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates