Бұл туралы Транспорт министрлігі хабарлады.

Келісім Транспорт министрінің орынбасары Жасурбек Чориев пен Etihad Airways әуе компаниясының бас операциялық директоры капитан Мажед Ал-Марзуки арасында жасалды.



Кездесу барысында тараптар әуе компаниясының Өзбекстанға тұрақты рейстерін іске қосу және бағыттар желісін кезең-кезеңімен кеңейту мәселелерін талқылады.

Аталған рейстер Өзбекстан жолаушыларына Абу-Даби арқылы Еуропа, Азия, Австралия, Африка және Солтүстік Америкадағы 70-тен астам халықаралық бағытқа ыңғайлы қатынау мүмкіндігін береді.