2021 жылы 4 миллион 570 мың тонна көмір қазып алынады

    Өнеркәсіп 16 Iyun 2021 890

    Бұл туралы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялау агенттігінде өткізілген брифингте “Узбеккумир” АҚ ақпарат қызметінің басшысы Неъмат Душаев мәлімдеді:

    “2021 жылда акционерлік қоғамда 4 миллион 570 мың тонна көмір қазып алу жоспарланған. Бұл өткен жылға қарағанда 67 мың тоннаға көп болып, қазіргі кезде айлық, тоқсандық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуде.

    Сондай- ақ, май айында істеп тұрған кендерден 383 мың 465 тонна көмір қазып алынды. Бұл жоспардағыдан 3 мың 465 тоннаға көп.

    Май айында Жылу электр станцияларына — 293 мың 856,8 тонна, бюджет ұйымдарына — 111 мың 740 тонна көмір жүктелді.

    Кәсіпорында биыл басты назар көмірдің үстінгі қабатын ашу істеріне қаратылуда. Май айында кеннің үстінгі қабатын ашу істері 2 миллион 919 мың текше метрге тең болды және бұл реттегі жоспарда 101,8 пайызды құрады”.