ӨзА-ның хабарлауынша, бұл туралы Олий Мажлистің заң шығару палатасының Ғылым, білім, мәдениет, спорт және жастар ісі жөніндегі комитетінде өткен тыңдауда айтылды.
Екінші шет тілін оқытатын мектептердің саны 420-ға, кәсіптік-техникалық мектептердің саны 400-ге дейін ұлғайтылады. Жекеменшік мектептердің саны 700-ге, ондағы оқушылар саны 150 мыңға дейін жеткізіледі.
Сондай-ақ, Инвестициялық бағдарлама аясында 26 жаңа жалпы білім беретін мектептің құрылысы және 320-сын қайта реконструкциялау арқылы120 мың 943 жуық, сондай-ақ 54 педагогикалық колледж ғимараттарын жалпы білім беретін мектептерге айналдыру арқылы 32 мың 905 оқушы орны ашылады.
Республикамыздың 4 облысында жаңа мамандандырылған мектеп, 9 аумақта Мұхаммед әл-Хоразми атындағы мамандандырылған мектеп, Ташкент облысының Шыназ ауданында Әбу Әли ибн Сина атындағы мамандандырылған мектеп пен шет тілдеріне мамандандырылған мектептердің қызметі жолға қойылады.
Тыңдауда атап өтілгендей, «Білім баршаға тең» қағидаты негізінде инклюзивті білім беружүйесі енгізілген жалпы білім беретін мектептердің саны 1 мың 900-ге дейін жеткізіледі. Сондай-ақ, бұл жүйе 208 мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымына енгізіледі. Жалпы білім беретін мектептерге педагогикалық кадрларды арнайы платформа арқылы іріктеу негізінде іске қабылдау жүйесі жолға қойылады. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 78 пайызды құрайтын болады.