Келіссөздерде екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ халықаралық және аймақтық саясаттың өзекті мәселелері талқыланғаны айтылды. Тараптар өзара құрмет пен бір-бірінің мүддесін ескеру қағидаттарына негізделген конструктивті диалогты белсенді дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
АҚШ тарапы жаңа Өзбекстанда жүргізіліп жатқан демократиялық өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламасын қолдайтынын білдірді.
Сондай-ақ АҚШ өкілі Өзбекстанның Ауғанстан халқына көмектесу және түрлі салалардағы жобаларды ілгерілету жолындағы іс-әрекеттеріне жоғары баға берді.