Рұқсатнаманы төмендегі әдіспен алуға болады:

my.uzbmb.uz сайтындағы жеке кабинетіңіз арқылы. Ол үшін «Пәндер кешені» парақшасына өтіп, құжатты жоғарғы жағында орналасқан «Талапкерге рұқсатнама» бөлімінен  құжатты жүктеп алыңыз.

Сонымен қатар, арнайы бет арқылы жеке кабинетіңізге кірмей-ақ, төлқұжатыңыздың (немесе ID-карта) сериясы мен нөмірін және Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) енгізу арқылы рұқсат алуға болады.

Талапкерлер тест сынақтарына белгіленген уақытта кешікпей,  төлқұжатымен немесе жеке куәлігімен және талапкердің рұқсатнамасымен  келуі керек.

Жауаптылар төлқұжат немесе басқа құжаттардың көшірмесінсіз келген,  кешіккен талапкерлер емтиханға жіберілмейтінін ескертеді.