А.Бурхонов: мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық жоғары деңгейде қалуда

    Сыбайлас жемқорлық факторларын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, өкінішке орай, мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық факторлары жоғары болған жүйелердің бірі болып қалуда.

    Бұл туралы Олий Мажлис Заң шығару палатасының мәжілісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің директоры А.Бурханов айтып өтті.

    Сараптамаға сәйкес, соңғы 6 жылда мемлекеттік сатып алудағы заңсыз әрекеттері үшін 791 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Мәжілісте Өзбекстан Республикасындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық баяндама қаралып жатыр.

    – Бұл саладағы әкімшілік жауапкершілік жағдайы да артып келеді. Мәселен, 2022 жылы – 662-і, 2023 жылы – 1 мың 376-ы, 2024 жылы – 1 мың 334, ағымдағы жылдың 6 айында – 658 әкімшілік құқықбұзушылық жасалған.

    Құқықбұзушылық жағдайларының негізгі бөлігін сатып алу туралы заңдылыққа қайшы тікелей келісімшарттар жасасу, жоғары бағамен қабылдау, байқаулар мен тендер өткізу тәртібін бұзу, сатып алу туралы ақпараттық порталға енгізбеу, сатып алу түрін дұрыс таңдамау, мүдделер қарсы келуі сияқты жағдайларға жол берілуде, — дейді агенттік директоры .

    Дегенмен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік сатып алудың арнайы ақпараттық порталында тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасы халыққа ашық көрсетілді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда ашықтықты қамтамасыз ету бойынша қашықтықтан мониторинг жүргізу тәртібі, мемлекеттік сатып алу кезінде бірыңғай жеткізіп берушілер реестрге енгізудің әкімшілік регламенті, мемлекеттік органдары мен ұ йымдардың ашықтыққа жауапты қызметкерлерді оқытуға арналған “E-learning” білім платформасы (data.anticorruption.uz) іске түсірілді.

    Сондай-ақ , мемлекеттік сатық алулар бәсекелі түрде жүзеге асырылуының нәтижесінде 2024 жылы 13,8 триллион сум қаржы үнемделгені айтылды.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates