Мемлекет басшысы әділет жүйесіндегі қызметтерді кеңейту жөніндегі тұсаукесермен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев 5 қыркүйек күні әділет жүйесінде мемлекеттік қызметтерді кеңейтуге арналған шаралар жөніндегі тұсаукесермен танысты.

    Соңғы сегіз жылда әділет саласын жаңа негізде ұйымдастыру үшін 70-тен аса заң мен қаулы қабылданды. Жүйені халыққа жақындату мақсатында 20-дан астам қосымша өкілет берілді. Өңірлерде 202 Мемлекеттік қызмет көрсету орталығы салынды. Бүгінде 500-ден астам қызмет «бір терезе» қағидасы негізінде көрсетіліп отыр. Бұрын сағаттап, күндеп күтілген анықтамалар қазір небәрі 5–10 минутта алынады.

    Алайда бұл бағытта әлі де атқарылар жұмыс көп. Мемлекеттік органдар арасындағы электронды өзара іс-қимыл жеткіліксіздігі бюрократиялық кедергілерге себеп болуда. 200-ден астам қызмет әлі де ескі тәсілде көрсетілуде. Шалғай аймақтарда халықтың қызметтерді өздігінен пайдалану мүмкіндігі шектеулі.

    Сол себепті таныстырылымда мемлекеттік қызметтерді одан әрі көбейту және жеңілдету жөніндегі ұсыныстар қаралды.

    Жоспарға сәйкес, алдағы үш жылда қызметтер саны 900-ге жеткізіледі. Жыл сайын 80 қызмет «3 қадам» қағидасы негізінде оңайлатылады. Халық көп жиналатын орындар мен шалғай ауылдарға 1100 интерактивті дүңгіршек орнатылады.

    Азаматтардан 30 түрлі құжатты талап ету тоқтатылады. Мысалы, некеге тұрушылардың медициналық тексеру нәтижелері, әскери міндеттілердің мекенжай өзгерісі туралы анықтамалар сұралмайды, бұл деректер ақпараттық жүйелер арқылы онлайн алынады.

    Қазіргі таңда нотариустар адамдарға 80-нен астам қызмет көрсетуде, бірақ олардың онлайн үлесі небәрі 11 пайыз.

    Мемлекет басшысы цифрлық жүйені кеңінен енгізу арқылы азаматтарға қолайлылықты арттыруды тапсырды. 2025–2027 жылдары кезең-кезеңімен 20 нотариалдық әрекет онлайн рәсімделетін болады.

    Сондай-ақ, қызмет көрсету кезінде жеке куәліктің түпнұсқасын талап ету жойылып, оны Face-ID арқылы растау енгізіледі.

    Хадича Сулайманова атындағы Республика сот сараптама орталығында 64 түрлі сараптама жүргізіп жатыр, бірақ өңірлерде оның жартысы да жоқ.

    Сондықтан аймақтық орталықтардың материалдық-техникалық базасын күшейтіп, сол арқылы ондағы сараптама түрлерін 15-тен 25-ке дейін көбейту міндеті қойылды.

    Жаңа сараптама түрлерін енгізуде цифрлық технологиялар мен адам факторы жоқ бағдарламалардан кең қолданылады. Тергеу органдары мен сараптама мекемелері арасындағы құжат алмасу толық электрондық форматқа көшіріледі. Жол-көлік оқиғасы орнын 3D модельдеу, бейне және фото сараптамасы сынды жаңа қызметтер енгізіледі.

    Сондай-ақ, мемлекеттік емес сот сараптамасы қызметін кеңейту, сот сарапшысы ретінде жеке бюро ашу арқылы тәуелсіз жұмыс істеуге рұқсат беру, Өзбекстан Сот сарапшылары палатасын құру ұсыныстары қолдау тапты.

    Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру да маңызды. Бұл мақсатта «Ақылды насихат» жүйесі арқылы халық пен кәсіпкерлерге жаңа құжаттар туралы ақпарат электронды түрде жеткізіледі. Заңдарды қарапайым тілде түсіндіріп отыратын «Adliya TV» интернет парақшасы іске қосылады.

    Реформаларды уақытылы әрі сапалы орындау үшін жауапты мекемелердің бастамашылдығы мен жауапкершілігін арттыру қажеттігі айтылды. Сол себепті өз саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізетін министрліктер мен ведомстволар жанындағы құрылымдарға ведомстволық нормативтік-құқықтық құжаттар қабылдау өкілеті беріледі.

    Мұндай құжаттарды қабылдау, мемлекеттік тіркеуден өткізу тәртібі мен мерзімі жеңілдетіледі. Нәтижесінде ведомстволық нормативтік-құқықтық құжаттарды қабылдау орташа мерзімі 2 есе қысқарады.

    Таныстырылым соңында осы ұсыныстарды жүзеге асыруға бағытталған жарлық пен қаулыларға қол қойылды.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates