А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеттің Ташкент қаласындағы филиалы алғашқы студенттерді қабылдады

    Білім 7 Sentabr 2021 3536

    А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеттің Ташкент қаласындағы филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Ашылу салтанатына Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие министрі А.Шин, Ресей Федерациясының Өзбекстандағы елшісі О. Малгинов, Ресей білім министрлігінің халықаралық ынтымақтастық және қоғамдық байланыстар бөлімі директорының орынбасары А.Эфремов, А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университет ректорының міндетін атқарушы В.Рабош, Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие министрінің орынбасары У.Бегимқуловалар қатысты.

    А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеттің Ташкент қаласындағы филиалы мына бағыттар бойынша мамандарды даярлайды:

    -педагогикалық білім (Балалардың қосымша эстетикалық білімі);

    -психология-педагогикалық білім (Мектепке дейінгі тәлім-тәрбиеде);

    -психология және әлеуметтік педагогика (Балалар психологиясы);

    -Арнайы (дефектологиялық) білім (Сурдопедагогика, Тифлопедагогика, Олигофренопедагогика) ;

    -психология (Адам және қоғам психологиясы) ;

    -лингвистика (Орыс тілі шет тілі ретінде оқытудың теориясы мен әдістемесі және ұлтаралық коммуникация).

    2021-2022 оқу жылы квотасы 405 абитурентті студент қатаына қабылдау көзделген. Олардың 81-і мемлекеттік бюджет негізінде және 324-ке жуығы төлем-келісімшарт негізінде оқуға қабылданады.

    Филиал бітірушілері Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясында, басқа бірқатар шетелдерде де мойындаләан мемлекеттік үлгідегі дипломды алады.

    Филиалдағы білім үдерісі әрбір бағыт бойынша жетекші әрі білікті педагог кадрларды дайындауға қаратылған. Сонымен қатар:

    «Педагогикалыі білім» (Балалардың қосымша эстетикалық білімі) бағытының бітірушілері мемлекет және беймемлекеттік білім беру мекемелерінде балалармен істеуі, сондай-ақ мәдени-рухани ұйымдарда және қосымша білім беру мекемелерінде қызмет көрсетуі мүмкін.

    Университетті «Психология-педагогикалық білім (Мектепке дейінгі білім беру)» бағытын бітірген мамандар мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемелерінде психолог ретінде, жалпы орта білім беретін мектептерде психологиялық-педагогикалық коррекциясы бағытында жұмыс істей алады.

    «Психология және әлеуметтік педагогика» (Балалар психологиясы) бітірушілері адамда, сондай-ақ балаларда психологиялық диагностиканы өткізу, балалар тәрбиесіндегі түрлі өзгерістерді коррекциялау, психологиялық зерттеулерді жүргізе алады.

    «Арнайы (Дефектология) білім (Сурдопедагогика, Тифлопедагогика, Олигофренопедагогика)» бағытының бітірушілері есіту және сөйлеу қабілетінде кемістігі бар балалармен істеуге мамандандырылған білім беру мекемелерінде қызмет көрсетіп, олар үшін тәрбиеші, сурдопедагог, тютор, сондай-ақ арнайы оқытушы ретінде істеуі мүмкін.

    «Психология (Адам және қоғам психологиясы)» бағытын бітірген студенттер қоғамның түрлі бөлігінде психологиялық салауатты пікірлеуді қалыптастыру, топ және жеке психология салаларында істеуі мүмкін.

    «Лингвистикалық (Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың теориясы мен әдістемесін және ұлтаралық коммуникация)» бағыты білім үдерісін түрлі ұлт өкілдеріне білім беру, оларға орыс тілін өздерінің тіл ерекшеліктерін үйрету сияқты істерді жүзеге асыруы мүмкін болады, деп хабарлады Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие министрлігінің баспасөз қызметі.

    Мәлімет ретінде: А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеттің Ташкент қаласындағы филиалы Өзбекстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 октябрьде қабылданған №ПҚ-4857 санды қаулысы негізінде ұйымдастырылды. Аталмыш құжатта мектепке дейінгі білім берудің барлық тармағы үшін жоғары білікті кадрларды даярлау, дамыған мемлекеттердің оқу орындарымен ынтымақтастық орнату, білім беру мекемелерінің жоғары білікті кадрларға сұранысын қамту сияқты ділгір мәселелер ретінде өз көрінісін тапқан.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates