Жоғары және орта арнаулы білім беру министрлігі ақпарат қызметінің хабарлауынша, оқушыларды, олардың ата-анасының орнын басатын тұлғалар академиялық лицейлерде ұйымдастырылған Мәслихат кеңестеріне мына құжаттарды ұсынады:

білім  беру бағыты, оқыту тілі  формасы көрсетілген өтініш (шет тілінен сұрыптау емтиханды тапсыру белгіленген бағыттарда өтініште қайсы шет тілінен сұрыптау емтиханын тапсыру және емтиханды өткізу ережелерімен танысқандығы көрсетіледі) ;

Тұлғаны куәландыратын құжат (туу туралы куәлік немесе паспорт/ ID-карта) түп нұсқасы;

3,5х4,5 см өлшемдегі  6 дана фотосурет (ақ фонда)

Бұдан тыс құжаттарды litsey.edu.uz порталы арқылы еліміздегі академиялық лицейлерге оқушылар өздері таңдаған бағыттар бойынша онлайн тапсырулары да мүмкін болады.

Оқуға жеңілдікпен кіру құқығына ие болған халықаралық және республикалық олимпиадалары, байқаулары, жарыс жеңімпаздарының  түп нұсқадағы диплом, сертификат, куәлік немесе басқа растайтын құжаттарын да тапсырады.

Құжаттарды қабылдау 30 июньге дейін жалғасады, дейді  хабарда.