Аллергия маусымы алдынан халықаралық тренинг ұйымдастырылды

    Денсаулық 15 Sentabr 2021 1067

    11-13 сентябрь күндері Инновациялық даму министрлігі құзырындағы Халықаралық молекуляр аллергология орталығы тарапынан “Аллерген-спецификалық иммунотерапия негіздері 1-халықаралық мектебі” тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

    Бұл сабақтар бүкіл Республика бойлап аллерголог-дәрігерлерді бірлестіреді. Қарақалпақстан Республикасынан, Қашқадария, Наманган, Ферғана, Самарқант облыстарынан келген дәрігерлер саланың жетік мамандарының баяндамаларын тыңдады, іс жүзінде кездесетін түрлі мәселелерді талқылады.

    Тренингті халықаралық молекуляр аллергологиялық орталықтың халықаралық консультанттары, сондай-ақ Грузия аллергология және клиника-иммунология Ассоциясының вице-президенті, профессор Мая Готуа, Австрия Молекулярлық аллергология және иммунология халықаралық университетінің негізін қалаушы және вице президенті, профессор Виктория Гариб және орталықтың клиникалық басшысы Гулнора Жамбекова жүргізді. Үш күндік сабақтар аллергологияның бүгінгі күндегі негізгі ділгірліктері мен оларға халықаралық алаңда ұсынылған шешімдер туралы тұсаукесерлері одан да пайдалы болды.

    Тренинг барысында мына проблемалар талқыланды:

    -Аллергиялық аурулардың патогенезі және олардың молекулярлық классификациясына негізделген заманалық аллергиялық вакциналардың әсер механизмі;

    --Аллерген-спецификалық иммунотерапияны балалар мен үлкендерде қолдану үшін аурулар персонализациясы;

    -Аллерген-спецификалық иммунотерапия үшін заманалық препараттарды қолдану және клиникалық хаттамалар.

    “Бұл сияқты тренингтер тек ғана аймақтардан келген дәрігерлер ғана емес, біз үшін де пайдалы болды, — деді Халықаралық молекулярлық аллергия орталығының клиникалық директоры Гулнора Жамбекова. — Әр аумақтардан келген аллергологтардың түрлі науқастары туралы есітіп, Өзбекстанның климат жағдайына қарап аллергия түрлері де өзгеріп отыратынын түсіндік. Мәселен, құрғақ климат жағдайында жасайтын адамдарды шаң мен қысымға қарағанда аллергия көп мазаласа, ал өлкеде жасайтын тұрғындар, жәндіктердің мысалы , балараның шағуынан үлкен зиян көреді. Ташкентте балара шағуы өлкедегідей үлкен реакция бергенін көрмегенбіз”.

    Үш күн жалғасқан тренинг қатысушыларға үлкен әсер мен дағдылар берді. Шара соңында жиналғандарға сертификаттар тапсырылды, деп хабарлады Инновациялық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates